Алматыдағы бала өлімі: Қайғыдан қан жұтқан анасы аурухананы тексеруді талап етеді

836

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел адам Алматы клиникалық балалар инфекциялық ауруханасы дәрігерлерін ісіне "немқұрайлы қарайды" деп айыптады.     

Алматыдағы бала өлімі: Қайғыдан қан жұтқан анасы аурухананы тексеруді талап етеді Фото: gov.kz

Алматыда бала өлімінен кейін марқұмның анасы қалалық балалар инфекциялық ауруханасының қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізуді сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анасының айтуынша, қызы 1-5 қазан аралығында іші ауырсынып, құса бастаған соң ауруханаға жатқызылған.

Ол осы уақыт аралығында несеп пен нәжіс шығармаған, ал 6 қазанда жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылғанымен сонда жан тапсырған.

"Өлім туралы куәлікте баланың қазасына түйнек (ішектердің түйіліп қалуы) себеп деп көрсетілген. Бұл – дер кезінде және сапалы тексеру жүргізілген жағдайда емделетін диагноз. Осыған байланысты Алматы клиникалық балалар инфекциялық ауруханасының қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізуді сұраймыз", – деді адвокат Аида Қуандықова. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді. 

"Оқиғаға объективті және жан-жақты баға беру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы бойынша департаментіне тексеріс жүргізу жөнінде хат жолданды. Оның нақты себептері мен мән-жайы тексеріс қорытындысынан және сот-медициналық сараптамасы аяқталғаннан кейін белгілі болады", – делінген Алматы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының ресми жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу