Алматы ботаникалық бағында 72 жыл бойы өсіп тұрған ағаш кесілді

207

Ағаштың діңі биыл маусым айында қатты жел мен найзағай кезінде сынған.  

Алматы ботаникалық бағында 72 жыл бойы өсіп тұрған ағаш кесілді Фото: instagram/botsadkz

Оқиға 16 маусымда болған. Ұзындығы 10 метрден асатын ірі діңі сынып құлаған кезде қоршау мен жаяу жүргіншілер жиегі бүлінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандар жүргізген зерттеу барысында ағаштың ішкі бөлігінде жасына байланысты елеулі зақымдар анықталды. Діңінің түбінде терең қуыс пайда болған, қабығы ажыраған, зиянкестер зақым келтірген, ал өзек бөлігі шіріген.

Вавилон талы 1954 жылы Қарағандыдан әкелінген қалемшелерден өсірілген. Содан бері ол Ботаника институтының ғылыми коллекциясына кіріп, бақтың танымал нысандарының біріне айналған. Мамандар ағашты сақтап қалу мүмкіндігін де қарастырған. Алайда комиссия талдың қалған бөлігін авариялық жағдайда деп танып, оның кез келген уақытта құлау қаупі бар деген қорытындыға келген.

Ағаш келушілер көп жүретін аумақта орналасқандықтан, оны сақтау адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болған.

Сондықтан 31 тамызда 70 жылдан астам тарихы бар тал толықтай алынып тасталды.

Бақ мамандарының айтуынша, бұл ағаштың тарихы мұнымен аяқталмайды. 2022 жылы ескі талдың жанына жаңа көшет отырғызылған. Қазір жас ағаш жақсы өсіп, нығайып келеді. Мамандар ол уақыт өте келе Бас ботаникалық бақтың жаңа символына айналады деп үміттенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу