Алматыдағы элиталық клубта есірткі сату дерегі әшкереленді

86

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыдағы элиталық клубта есірткі сату дерегі әшкереленді Фото: canva

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Медеу ауданындағы элиталық түнгі клубтардың бірінің қызметкері ұсталды. 

– Ол шартты сатып алушыға "гашиш" есірткісін өткізген. Мекемені тексеру барысында ұнтақ тәрізді заттардың іздері және ақ түсті заты бар зип-пакет анықталды, – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу