Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс тіркелді

Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан 3 қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс тіркелді Фото: Бейнежазбадан

Абырой болғанда, оқиғадан соң өрт шықпаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде белгісіз жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. 

– Алдын ала мәліметтер бойынша жарылысқа табиғи газдың тарауы себеп болуы мүмкін, – деп хабарлады әкімдік өкілдері. 

Алматы әкімдігі оқиға салдарынан 2 кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алғанын мәлім етті. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

– Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, – делінген әкімдік жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу