Алматыдағы қоймада шыққан өрт толық сөндірілді

193

Ғимараттың конструкциялық ерекшеліктері мен өрт жүктемесінің жоғары болуына байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиынға соқты.

Алматыдағы қоймада шыққан өрт толық сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Стасов көшесінде орналасқан қойма ғимаратында шыққан өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін ғимаратты ашық жалын шарпып, қою түтін таралған. Қоймадағы өрт жүктемесінің жоғары болуы және ғимарат конструкциясының ерекшеліктері жалынды сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Атап айтқанда, нысанның қаңқасы металлдан жасалған, ал қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталған. Ғимараттың биіктігі шамамен 10 метрді құрайды.

Осыған байланысты оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында су үздіксіз беріліп, жалынды оқшаулау және толық жою жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің көршілес қоймаларға таралуына жол берілмеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу