Алматыдағы крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды

92

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі Алматыдағы крематорий қашан ресми түрде іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыдағы крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды Фото: Фото: er-ai-construction.kz

– Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады, – деп жазады ЖАП мамандары.

Ресми ақпаратта Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематориді Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша өзіне бағынысты бейінді ұйымының балансына бергені айтылған.

– Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді. Аудит қорытындысы бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын, – деп жазылған ресми мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу