Алматыдағы медициналық орталықта зейнеткер лифт шахтасына құлап кетті

347

Бүгінде осы оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды. 

Алматыдағы медициналық орталықта зейнеткер лифт шахтасына құлап кетті Фото: freepik.com

Алматыдағы ревматологиялық орталықта 73 жастағы әйел лифт шахтасына құлап кетіп, көптеген жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz

Зейнеткердің немересінің сөзінше, әжесі 17 қыркүйек күні Алматы қалалық ревматологиялық орталығына жоспарлы емделуге жіберілген.

"Осыған дейін әжемнің тізесіне ота жасағандықтан, оған баспалдақпен көтерілу өте қиын. Сол күні медициналық мекемеде лифт істемеген көрінеді. Оны білмеген әжем лифт шақырып, биіктігі 1,3 метр шахтаға құлады. Лифттің ақауы бар деген не белгі, не ақпарат болған жоқ!", - деп жазды жас жігіт Instagram парақшасында.

Оның сөзінше, орталықта бейнебақылау камераларынан жазба алу мүмкін болмапты.

"Мен әжемді лифт шахтасынан шығарып жатқан сәтті түсіріп алдым", - деді алматылық.

Зейнеткер көптеген жарақат алған.

Қалалық ревматологиялық орталықтың әкімшілігі осы оқиға бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

"Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Бүгінгі таңда пациент медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу