Жаңартылған театрдың ашылуына орай 6–8 қараша аралығында арнайы қойылымдар бағдарламасы ұсынылады.
Мерекелік күндері көрермендер "Етік киген мысық" музыкалық ертегісін, "Шекспирге деген құштарлық" комедиясын және "САЦ. Үйге оралу" атты гала-қойылымды тамашалай алады.
Жөндеу жұмыстары кезінде театр ғимаратының тарихи сәулеттік келбеті сақталған. Ал ішкі инженерлік жүйелер, дыбыс пен жарық құрылғылары және сахналық жабдықтар толық жаңартылды. Сондай-ақ реставраторлар мозаикалық композицияларды, мәрмәр беттерді және интерьердің өзге де тарихи элементтерін қалпына келтірген. Негізгі сахна заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, шығармашылық мүмкіндіктері кеңейтілді.
Театр кешенінің құрамында Қазақстан мен Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, 1986–2005 жылдары театрды басқарған Борис Преображенскийдің есімі берілген жаңа шағын сахна ғимараты да бой көтерді.
260 орындық зал Black Box форматында жасақталған. Бұл кеңістіктің ерекшелігі – қойылымның мазмұны мен режиссерлік шешіміне қарай сахна мен көрермен орындарының орналасуын өзгертуге болады.
Жаңа ғимаратта бір үлкен және екі шағын дайындық залы, балет сыныбы мен көркемдік-өндірістік шеберхана қарастырылған.
Бұдан бөлек, бүлдіршіндерге арналған Baby Hall кеңістігі ашылады. Мұнда балалар театр өнерімен жақынырақ таныса алады. Ал Book Hall кітап оқуға және шығармашылық кездесулер өткізуге арналған. Сонымен қатар "Sats ComUnity" балалар студиясының оқу театры жұмыс істейді.

Жаңартылған кешеннің арқасында театр негізгі және шағын сахналарда қойылымдарды бір мезгілде өткізе алады. Қосымша кеңістіктер дайындық жұмыстарына, балалар студиясының сабақтарына және шығармашылық кездесулерге пайдаланылмақ.
Театрдың ашылуына арналған бағдарлама:
- 6 қараша, сағат 11:00 – "Етік киген мысық" музыкалық ертегісі;
- 6 қараша, сағат 19:00 – "Шекспирге деген құштарлық" комедиясы;
- 7 қараша – театрдың туған күніне және жаңартылған ғимараттың ашылуына арналған "САЦ. Үйге оралу" гала-қойылымы;
- 7 және 8 қараша, сағат 12:00 – "Етік киген мысық" музыкалық ертегісі;
- 7 және 8 қараша, сағат 18:00 – "Шекспирге деген құштарлық" комедия