Алматыдағы неке сарайы әкімдікке қайтарылатын болды

169

Нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген.  

Алматыдағы неке сарайы әкімдікке қайтарылатын болды Фото: forbes.kz

Алматыдағы "Жас Отау" неке сарайы қараусыз тұр. Ғимарат 2024 жылы жекеменшік компанияға сенімгерлік басқаруға берілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келісімшарт негізінде басқарушы компания оны қалпына келтіруге 1 миллиардтан астам теңге салуы тиіс еді. Бірақ кәсіпкер үдеден шықпай отыр. Ғимараттың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді.

Бұрынғы азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесінің іші құрылыс материалдары мен қоқысқа толып жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік активтер басқармасы мәмілені бұзу рәсімін бастады. Тек содан кейін "Жас Отауды" қайта жаңғырту жұмыстары қала бюджеті есебінен жүргізілмек. Әзірге құрылыстың нақты қашан басталатыны белгісіз.

– Серіктестіктің қарызды белгілілі бір шартқа сәйкес өтей алмауына байланысты Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасымен шартты бұзу рәсімдері жүргізілуде. Сол бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Алматы қаласының әкімдігі бұл нысанды өзінің коммуналдық меншігіне қалдыруды көздеп және де сол жерге жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр, – деді қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының бас маманы Мақпал Ишенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу