Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері тұңғыш рет кардиостимулятор орнатты

862

Ота тегін медициналық көмек аясында тегін жасалды. 

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері тұңғыш рет кардиостимулятор орнатты

Орталық қалалық клиникалық ауруханада тұңғыш рет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде науқас жүрегіне кардиостимулятор орнатты. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Хабарламаға сүйенсек, тексеру барысында науқастың жүрек-қан тамыры жүйесінен ақау табылып, атриовентрикулярлы (АВ) блокада анықталған.  

Бөлім меңгерушісі, кардиолог Ержан Құттығожиннің айтуынша, аталмыш патология көбіне қарт кісілерде жиі кездеседі. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота жасап, қан айналымын реттеу қажет болды.

"Жүрекке 2 камералы электрокардиостимулятор имплант орнатылды. Операция кезінде электродтар орнатылып электрокардиостимуляторға қостық. Ота сәтті өтті", – деді аритмолог-дәрігер Ғани Төлепбергенов. 

Қазір науқастың жайы бір қалыпты.
Аталмыш операция ОҚКА жағдайында алғаш рет, осыдан бір ай бұрын ашылған Интервенциялық кардиология бөлімшесінде жасалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу