Алматыдағы Президент резиденциясы маңызды ескерткіштер тізімінен алынды

852

Президенттің Алматыдағы резиденциясы тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен ресми түрде алынып тасталды. Бұйрық 28 сәуірде тіркеліп, 7 мамырда күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме беріп.

Алматыдағы Президент резиденциясы маңызды ескерткіштер тізімінен алынды

"... Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде: реттік нөмірі 31-жол алынып тасталсын", – делінген құжатта.

31-нөмірімен Алматыдағы резиденция тіркелген.

Ғимаратты қаңтар оқиғасы кезінде наразылар қиратқан.

2 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев нысанды бұзуды тапсырған. Сәуірдің басында оны бұзуға үкімет 6 млрд теңге қаражат бөлетінін хабарлады.

Жалпы қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктер салдарынан қираған ғимараттарды қалпына келтіруге 31 млрд теңге қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу