Алматыдағы Сайын көшесі тағы 3,2 шақырымға ұзартылады

1431

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары биыл басталып, 2022 жылдың соңында аяқталуы керек. Мұның барлығын уақытылы жүзеге асыру үшін жол бойындағы жер телімдері толық сатып алыну маңызды. Қазіргі кезде көше ұзартылатын аумақта 20 жер телімі бар.  

Алматыдағы Сайын көшесі тағы 3,2 шақырымға ұзартылады

Жуырда қала әкімдігі Сайын көшесін ұзарту  жұмыстарының картасын жариялады. Бұл шаһардың ірі жолдардарындағы көлік ағыны мен кептелістерді азайтуға ықпал етеді. 

Жалпы аталған даңғыл 6 жолақтан тұрады. Оның жалғасында да осы тәртіпті сақтау көзделген. Сонымен қатар мұнда Рысқұлов көшесінен Мөңке би көшесіне дейін веложолақтар мен тротуарлар салынбақ. 

Алматыдағы Сайын көшесінің жалғасын салу 10 жыл бұрын жоспарланған. Алайда қаржы жетіспеушілігіне байланысты жоба кейінге шегерілген. 2020 жылы жоба қайта жандандырылды. Көшенің ұзартылатын бөлігі 3,2 шақырымды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу