Алматыдағы сел қаупі: Наурызбай ауданындағы жағдай жіті бақылауда

373

Қазіргі уақытта гидрологиялық жағдай ахуал тұрақты.  

Алматыдағы сел қаупі: Наурызбай ауданындағы жағдай жіті бақылауда Фото: Видеодан скриншот/almatytoday

Мамандар өзендердегі су деңгейіне және сел қаупі бар учаскелердің жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, Наурызбай ауданы тұрғындарын эвакуациялау жүргізілген жоқ.

Уақытша орналастыру пункттерін дайындау – ықтимал қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмдеріне сәйкес қабылданған алдын алу шарасы ғана. Хабарлау жүйесі іске қосылғанымен, уақытша орналастыру пункттеріне тұрғындар жүгінген жоқ.

Қалалық қызметтер Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп тәулік бойы жағдайды бақылап, Ақсай өзені бассейніндегі ахуалды қадағалап отыр.

"Тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Жағдай өзгерген жағдайда тұрғындарға ресми байланыс арналары арқылы жедел ақпарат беріледі", – деп хабарлады қалалық әкімдік.

ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері жоғары дайындық режимінде тұр, жағдай күрт өзгерген жағдайда жедел әрекет етуге дайын.

Ақсай өзенінде жүрген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) бастығы Дамир Ермағамбетов ТЖД жедел тобы "Казселденқорғау" мамандарымен бірлесіп жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу