Алматыдағы сел қаупі бар көлдерде қауіп деңгейі төмен – ТЖМ

373

Аймақта гидрологиялық жағдай тұрақты.

Алматыдағы сел қаупі бар көлдерде қауіп деңгейі төмен – ТЖМ Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау өзендері мен мореналық көлдерге мониторингті күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2 шілдеде "Қазселденқорғау" мамандары Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Ақсай, Қарғалы, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері алаптарындағы мореналық көлдерге әуеден визуалды бақылау жүргізді.

Тексеру нәтижесінде барлық мореналық көлдердің мұздан толық арылып, маусымдық толу кезеңіне өткені анықталды. Табиғи су ағымы қалыпты деңгейде сақталған. Сел қаупі бар көлдердегі су деңгейі шекті көрсеткіштерден едәуір төмен, ал сел белсенділігінің белгілері тіркелмеген.

Сондай-ақ, "Қазселденқорғау" мекемесінің авариялық-механикаландырылған бригадасы Ақсай өзені алабындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Жұмыс барысында бүлінген жол учаскелері қалпына келтіріліп, өзен жағалауы бекітілді және гидротехникалық құрылыстарға қауіпсіз қатынау қамтамасыз етілді.

Гидрологиялық жағдайды бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау өзендерінде қосымша жылжымалы бақылау бекеттері орналастырылды. Мореналық көлдердің, мұздықтардың және өзен арналарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу