Алматыдағы тергеу изоляторында күдіктіге тыйым салынған зат жеткізбек болған азамат ұсталды

142

Тексеру барысында оның күдіктіге әкелген күртешесінің қалтасынан фальга қағазына оралған өткір иісті ұнтақ тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыдағы тергеу изоляторында күдіктіге тыйым салынған зат жеткізбек болған азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің жедел бөлімі мен режим және күзет бөлімінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша тергеу тұтқынындағы күдіктіге тыйым салынған зат өткізбек болған курьерді анықтады.

45 жастағы А. есімді азамат курьер бола жүріп, Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша, яғни қарақшылық жасағаны үшін Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасы ұстаған танысына тыйым салынған зат бермекші болған. 

Аталған факт бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақыртылып, сараптама тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу