Алматыдағы Төтенше жағдайлар қызметінде 200-ге жуық ару қызмет етеді

1159

Олардың қатарында диспетчер, өрт сөндіруші, жүргізушілер де бар. 

Алматыдағы Төтенше жағдайлар қызметінде 200-ге жуық ару қызмет етеді

Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен аруларымыз үйдің ғана емес, сырттың да жұмысын абыроймен атқарып жүргені шындық, деп жазды inbusiness.kz. 

Сұлулық пен нәзіктік, батырлық пен қайсарлық секілді асыл қасиеттерді бір бойына сыйдырған қыз-келіншектер Төтенше жағдайлар департаментінде қиын да, қауіпті қызмет атқарады. 

Мәселен, тек Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінде 200-ге жуық ару қызмет етеді. Бірі диспетчер, бірі өрт сөндіруші, бірі жүргізуші. Осынау мереке қарсаңында құтқарушылар ел аруларына ізгі тілектерін жеткізді. 

"Сіздер барда ер азаматтардың еңсесі ешқашан түскен емес. Өміріміздің мәні де сәні де сіздерсіздер. Сондықтан денсаулық, отбасылық махаббат тілейміз. Әр таңдарыңыз шуақты, бай-қуатты болыңыздар", – деп жазды ТЖД ұжымы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу