Алматыдағы тұрғындар ресми түрде пайдалануға берілмеген үйге қоныстаныпты

469

Тұрғындары қоныстанып үлгерген Алматы қаласындағы "Алма Сити" тұрғын үй кешені ресми түрде пайдалануға берілмеген. 

Алматыдағы тұрғындар ресми түрде пайдалануға берілмеген үйге қоныстаныпты Фото: kaztag.info

Бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған кешеннің тұрғындары мұнда жылу және өзге де коммуналдық қызметтер берілмегеніне шағымданған болатын, деп жазады inbusiness.kz KazTag агенттігіне сілтеме жасап.

Ал, 29 қазанда "Алма Сити" тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мәлімдеме жасап, ыстық су, байланыс және интернетсіз өмір сүретіндерін хабарлаған еді.

"Бүгінгі таңда "Алма Сити"  Е5 пайдалануға берілмеген және қала балансына алынбаған. Сондай-ақ кешен бойынша нысанның  дайындығы туралы декларация жоқ. Сондықтан оған коммуналдық кәсіпорындар қол қоймаған. Пайдалануға берілмеген үйге тұрғындарды орналастырғаны үшін "QazaqStroy" ЖШС құрылыс компаниясы жауапты.  Өз кезегінде QazaqStroy бұл мәселені шешу және тұрғын кешенін орталық жылу жүйесімен жабдықтауға тезірек қосу үшін қажетті шаралар қабылдауда", - делінген қала әкімдігінің жексенбі күні таратқан хабарламасында.

Құрылыс салушы өз міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік хат бергені атап өтілді.

"Сонымен қатар, барлық техникалық құжаттаманы ұсынғаннан кейін "Алматы жылу желілері" ЖШС қызметкерлері тұрғын үйлерді тұрақты жылумен жабдықтауға қосу мүмкіндігін бағалау үшін қайта тексеру жүргізетін болады", - дейді әкімдік .

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу