Алматыдағы университеттердің бірінде 1-курс студенті 8-қабаттан құлап, қайтыс болды

483

Қайғылы жағдай 6 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған. 

Алматыдағы университеттердің бірінде 1-курс студенті 8-қабаттан құлап, қайтыс болды Фото: t.me/almatynews_kaz

Марқұм "Философия" мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде 1-курста оқыған.

– Осы оқу жылы ішінде студент психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандардың қабылдауында болмаған. Оның психоэмоционалдық күйіне байланысты қандай да бір шағымдар немесе мазасыздық белгілері тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, студенттің үлгерімі жақсы болған, тәртібіне қатысты ешқандай ескерту жасалмаған, – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, университет өкілдері сессияның бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін нақтылады. Оқу орнының басшылығы қаза тапқан студенттің отбасымен кездесіп, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу