Алматыдағы ықшам ауданның бірінде су тоқтады

497

Қала әкімдігі Бостандық ауданындағы бірқатар үйді сумен жабдықтау бірнеше сағатта қалпына келтірілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы ықшам ауданның бірінде су тоқтады Фото: zakon.kz

Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскесінің бірінде оқыс жағдай туындады.

Қазір "Алматы су" МКК апаттық бригадасы оның салдарымен шұғыл түрде күресіп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа 1972 жылы пайдалануға берілген су құбырының тозуы себеп болған.

Алматы әкімдігі аталған сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуды сұрап отыр.

Анықтама үшін телефон: 274-66-66.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу