Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қашан аяқталады?

748

8 қазандықты газға ауыстыру жұмыстары 2022 жылы басталады.  

Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қашан аяқталады?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беру кездесуінде Әуезов ауданының тұрғыны экология мәселесін көтерді. "Көмірдің түтінінен шаршадық" деген қала тұрғыны ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жұмыстары туралы сұрады. 

"Қаланың экологиялық жағдайы Алматы әкімдігі үшін маңызды мәселелердің бірі. Бұл кешенді жұмыс, экологиялық мәселелерді шешуге жан-жақты қарау керек. Ең бастысы, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Өткен жылы бұл мәселе шешілді. Газға көшірудің әртүрлі схемалары болды, биыл "Самұрықэнерго" жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда. 2022 жылдан бастап әрбір алты ай сайын екі қазандықтан жаңғырту жүргізіледі", – деді қала әкімі. 

Осылайша жалпы саны 8 қазандықты газға ауыстыру жұмыстары 2025 жылдың соңына қарай аяқталмақ. 

"Қаржыландырудың тиісті схемасы мен газ жеткізу көлемін үкімет шешіп үлгерді, Энергетика министрлігі "Самұрықэнергомен" бірге бұл мәселемен айналысып жатыр. Біз қала тұрғындарына бастаманы қолдағаны және бұл мәселені үнемі қадағалап отырғандары үшін алғыс айтамыз",  деді мегаполис басшысы.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу