Алматыдағы жол апатынан соң көлік төңкеріліп қалды

Жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында Медеу ауданында болған.  

Алматыдағы жол апатынан соң көлік төңкеріліп қалды Фото: Бейнежазбадан

Автокөлік Әл-Фараби даңғылында жол-көлік оқиғасына түсіп, дөңгелектері төбеге қарап қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Полицияның мәліметінше, шетелдік көлік даңғылмен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші Луганский көшесіне бұрылып, тоннельден шығар тұста көлікті басқара алмай қалған. Сол себепті, автокөлік бордюрге соғылып, соққыдан кейін аударылған. 

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Жаза кетейік, Әл-Фараби даңғылы биыл Алматыдағы бірқатар жол-көлік оқиғасымен байланысты жаңалықтардың бел ортасында болды. Десе де, бұл жолғы оқиғаның бұған дейінгі резонансты апаттармен байланысы жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу