Алматыдағы зообақ аумағынан өрт шықты

350

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.  

Алматыдағы зообақ аумағынан өрт шықты Фото: AlmatyZoo баспасөз қызметі

Түнде Алматы зообағы аумағында өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зообақ ішіндегі жалға алушыға тиесілі фотосалон бутигі мен жанында орналасқан серуендеуге арналған экскурсиялық электрмобильдер отқа оранған.

Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірді.

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі зообақтың мүлкіне зиян келмегенін хабарлады. Қызметкерлер мен жануарлар арасында зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу