Алматыдан 167 км қашықтықта жер сілкінісі болды

478

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 01:47-де жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматыдан 167 км қашықтықта жер сілкінісі болды Фото: google

"Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 167 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.2. MPV магнитудасы – 4.1. Эпицентр координаттары – 42.31° с.е. 78.56° ш.б. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ", - делінген кезекші оператор хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу