Алматыдан 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді

220

Сейсмолог мамандар бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде Қазақстан территориясында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыдан 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді Фото: bigox.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда Қазақстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу