Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағына тиесілі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Астана уақытымен 8:29-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркегенін мәлімдейді.
Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 321 шақырым қашықтықта, яғни Қытай аумағында орналасқан.
Әзірге Қазақстан аумағында жер дүмпуінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.
Еске сала кетейік, кеше елімізде жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу