"FlyArystan" әуе компаниясы Алматыдан Қытайдың Чунцин қаласына жаңа тұрақты әуе рейсін іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алғашқы рейс 23 қыркүйекте орындалды. Енді Алматы–Чунцин бағыты бойынша ұшақтар аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды. Рейстер Airbus A320neo ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу