Алматы-Жуковский бағытына тікелей рейс ашылады

645

Алматы-Жуковский бағытына тікелей рейс ашылады

ИДМ азаматтық авиация комитеті ресейлік "Уральские авиалинии" әуе компаниясына Алматы - Жуковский (Мәскеу облысы) бағытында ұшуға рұқсат берді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Бекітілген кестеге сәйкес, күзгі-қысқы навигация кезінде 2018-2019 жылдардағы желтоқсанның 24-нен наурыздың 29-на дейін рейстер А319/320/321 типтегі ұшақта аптасына 5 рет (дүйсенбіден жұмаға дейін) орындалатын болады.

Әуе көлігінің тасымалы саласында Қазақстаннан орындалатын бағыттар мен рейстер саны бойынша Ресей жетекші орынға ие. Тараптар әуе тасымалы саласында өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздеп отыр.

Айта кету керек, қазақстандық әуе тасымалдаушылар Астана-Франкфурт, Астана-Түмен (Эйр Астана), Астана-Қазан, Астана-Вильнюс, Астана-Челябинск, Астана-Краснодар, Астана-Томск, Астана-Сочи (СКАТ) жаңа 8 бағыт бойынша ұшып жүр. Шетелдік әуе тасымалдаушылар Рига-Алматы ("Air Baltic"), Новосибирск-Павлодар ("Сибирь"), Красноярск-Алматы ("Ангара"), Мәскеу-Қызылорда (Аэрофлот) және Хельсинки-Астана (Finnair) жаңа әуе бағыттарын ашқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу