Алматыдан Шымкентке пойызбен барған жолаушы коронавирусқа тексерілуде

936

Көпті дүрліктірген видеоға қатысты Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті пікір білдірді.

Алматыдан Шымкентке пойызбен барған жолаушы коронавирусқа тексерілуде Фото: otyrar.kz

Әлеуметтік желілерде Шымкент теміржол вокзалында өзін жайсыз сезінген жолаушыға жедел жәрдем қызметінің вирустан қорғайтын арнайы киім киген мамандары көмек көрсеткен сәтінің видеосы тарап кетті. Желі қолданушыларының  пікірінше, Алматыға  Швейцариядан келіп түскен әйел пойыз арқылы Шымкентке келген бойда оны дәрігерлер жедел жәрдем қызметімен алып кеткен.

"Шымкентте коронавирус оқиғасы тіркелмеді. Теміржол бекетінде орын алған оқиғаға келсек, арнайы дайындықтан өткен топ коронавирусқа шалдыққан науқаспен байланыста болған жолаушыны күтіп алды. Қазіргі таңда азаматшаның жағдайы бірқалыпты, шағымы жоқ. Ол медициналық бақылауда. Осы ретте тұрғындарға орынсыз даурығудың қажеті жоқтығын, тек ресми ақпараттарға сену керектігін ескертеміз", – деп хабарлады Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу