Алматыдан түні бойы 4,5 мың текше метрден аса қар шығарылды

935

Алматыдан түні бойы 4,5 мың текше метрден аса қар шығарылды

Алматы коммуналдық қызметтері түні бойы жауған қарды тазалаумен айналысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауған қардың биіктігі қалада 6 см, таулы жерлерде 10 см дейін жетті.

Қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні 4691 текше метр қар шығарылды.

Түнгі уақытта жолдарға мұз ерітетін 2800 тонна қоспа себілді.

Қар тазалау жұмыстарына түнде 534 арнайы техника, 2213 адам жұмылдырылды. Күндіз қосымша 603 техника шықты.

"Казгидромет" РМК болжауынша, қар 16 қаңтарға дейін жауады.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу