Алматыға 200-ден аса жаңа автобус жеткізілмек

703

Олар бейне бақылау жүйесі және жүргізушінің жағдайын бақылайтын құрылғылармен жабдықталады. 

Алматыға 200-ден аса жаңа автобус жеткізілмек

Шаһарда 2021 жылы қоғамдық көліктің жұмысын жақсартып, жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында 233 автобус сатып алынады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жолаушылар тасымалы саласы айтарлықтай жаңғыртылды. 16 ақпан экологиялық таза отынмен жүретін 41 жаңа автобус жолға шықты. №45, 70 сияқты бағыт бойынша қатынайтын автобус паркін жаңартамыз",– деді Бақытжан Сағынтаев.

Автобустар бейнебақылау, жолаушы ағынын есептейтін автоматты жүйе және жүргізушінің жағдайын бақылайтын датчиктермен жабдықталған. Сонымен қатар сыйымдылығы 90 адамға арналған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы жылжымалы платформа бар бар автобустар жолға шығады. 

"Алматыэлектротранс" коммуналдық автопаркі барлығы 150 автобусты жеткізуге келісімшарт жасады. Қалған 109-ы жақын арада келеді. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар 83 автобус, соның ішінде 38 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша биыл жолаушылар тасымалы паркі 233 экологиялық таза көлікпен жаңартылады", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу