Алматыға "Азия Дауысы" қайта оралады

538

20 жылға жуық үзілістен соң Алматыда Орталық Азияның ең беделді музыкалық фестивальдерінің бірі қайта өткізілмек, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматыға "Азия Дауысы" қайта оралады Фото: КазТАГ

Фестиваль баспасөз қызметінің хабарлауынша, Фестивальдің негізін қалаушы Мұрат Ирғалиевтің 2020 жылы және режиссер Александр Пономаревның 2021 дүниеден өткеніне байланысты "Азия Дауысын" өткізу құқығы Алматы қаласы әкімдігімен және Алматы қаласының мәдениет басқармасымен бірге музыкалық шараның бірге қайта жандануына бастамашылық жасаған "Азия дауысы" халықаралық фестивалі" қоғамдық қорының құзырлығына өтті.

Қазақстанның мәдениетін дамытуға қосқан үлесін еске алу үшін "Жас қанат" республикалық байқауы аясында Мұрат Ирғалиев пен Александр Пономарев атындағы ГРАН-ПРИ-дипломы, "Үлкен Қанат" арнайы номинациясы және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық тағайындалды.

Еске сала кетейік, "Азия Дауысы" Халықаралық музыкалық фестивалі алғаш рет 1990 жылы өтті, сол кезде "Медеу" мұз айдынына 15 елден қатысушылар келген болатын. 1994 жылы фестиваль Канн әлемдік шоу-бизнес фестивалінің (Франция) арнайы сыйлығын алды, ал 1998 жылы "Азия Дауысы" халықаралық фестиваль ұйымдастырушылар федерациясы әлемнің үздік фестивалі атағын алған болатын.

21 желтоқсанда баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар алдағы "Азия Дауысы" халықаралық фестивалі мен "Жас қанат" республикалық конкурсының жоспарларымен бөліспек. Фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу