Алматыға бөлінген инвестициялардың көбі жылжымайтын мүлік саласына бағытталған

598

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 538,6 млрд теңгені құрады.  

Алматыға бөлінген инвестициялардың көбі  жылжымайтын мүлік саласына бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин инвесторлар үшін қай саланың тартымды екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Айтуынша, шаһардың экономикасында оң динамика байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 538,6 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, инвестициялар үш көзден тартылды, олардың негізгі үлесі кәсіпорын иелерінің өздеріне тиесілі – 66,1% (356,1 млрд теңге), қарыз қаражаты – 18% (96,5 млрд теңге), мемлекеттік бюджет – 15,9% (86 млрд теңге). 
"Биылғы жылы жылжымайтын мүлікке – 255 млрд теңге, көлік пен қойма саласына – 65,1 млрд теңге, өнеркәсіп секторына – 50,4 млрд теңге және қаржылық және сақтандыру қызметіне – 34 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды", - деді Еркебұлан Оразалин.  

Жалпы, 2021 жылы 1,2 трлн теңге инвестиция тарту, 332,6 млдр теңгені құрайтын 83 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарлануда, олардың аясында 10 мың адам еңбекпен қамтылады, оның ішінде 5000-нан астамы тұрақты жұмыс орны. 

Сонымен қатар Еркебұлан Оразалин 16 әлеуметтік жоба туралы айтты. Оларды іске асыруға 57,6 млрд теңге көлемінде инвестиция бөлінді. Бұл тізімге әл-Фараби даңғылындағы балет театры, Әзірбаев көшесіндегі спорттық және медициналық орталық, Д. Қонаев атындағы академияның жатақхана бар. 
Сонымен қатар, сауда мен қызмет көрсету саласындағы 19 жобаға 38,7 млрд теңге инвестицияланды. 

Өнеркәсіп саласындағы 16 жобаға 59,6 млрд теңге сомасында қаржы салынды, оның ішінде Индустриалды аймақтағы 12 жобасы бар. Инвестициялардың басым бөлігі жылжымайтын мүлік секторына бағытталды, 32 жобаны іске асыруға 176,7 млрд бөлінді.  

"Жуырда жалпы құны 128,6 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба құрылысы аяқталады", - деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы.  

Еркебұлан Оразалин шетелдік инвесторлармен жұмыс аясында қала әкімі жанындағы инвесторларды тарту жөніндегі Кеңестің қызметі қайта жаңғыртылғанын атап өтті. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу