Алматыға Германиядан келген ұшақтағы барлық жолаушының жеке тұлғасы анықталған

761

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Франкфурт-Алматы бағытында келген рейсте 68 адам болған.  

Алматыға Германиядан келген ұшақтағы барлық жолаушының жеке тұлғасы анықталған

Бүгін Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Оның 4-еуі транзит арқылы басқа елге ұшып кеткен. 40 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша табылып, карантинге алынды. Бізде барлық жолаушы туралы мәлімет бар, жеке тұлғалары анықталған", – дейді Тілеухан Әбілдаев. Ал 12 наурызда Алматыға келген рейсте экипажды қосқанда барлығы 12 адам болған. Оның барлығы келісімен бірден оқшауланды.

Жалпы алғанда Алматыға 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында шетелден 11340 адам келген. Оның 95.7%-ы яғни 10852 адам медициналық мекемелер бақылауында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу