Осы жылдың алғашқы үш айында Алматыға шамамен жарты миллион адам келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық туризм басқармасының хабарлауынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында оңтүстік мегаполиске 496 944 адам келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға жоғары.
Шетелдік туристер саны 18%-ға өсіп, 145 058 адамға жеткен. 2024 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 122 859 адамды құраған.
Туристер ағыны Үндістан (+73,4%), Қытай (+39,3%), БАӘ (+47,8%), Түркия (+24%), Малайзия (5,7 есе өскен) сияқты елдерден айтырлықтай өскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу