Алматыға келген шетелдік туристер саны 73%-ға артты

Мегаполиске 261,6 мың шетел азаматы келген. 

Алматыға келген шетелдік туристер саны 73%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы туризм басқармасының ақпаратынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шаһардағы шетелдік туристер саны 72,6%-ға өсіп, 261,6 мың адамға жетті. 

Ішкі туристер ағыны 24,6%-ға артып, 710,6 мың адамға жетті. 

"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өсуі байқалады", – деді басқарма өкілдері.

Биыл жыл соңына дейін Алматыда шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу