Алматыға "Спутник Лайт" вакцинасы жеткізілді

484

"Спутник Лайт" вакцинасы, ревакцинациялауға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналған.  

Алматыға "Спутник Лайт" вакцинасы жеткізілді

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына "Спутник Лайт" вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді. "Вакцина ағымдағы жылдың 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ревакцинациялау вакцинаның толық курсы біткесін, 6 айдан кейін ғана салынады. Спутник Лайт – бұл векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. Вакцина минус 18 градуста сақталады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматыда ревакцинацияға арналған QazVac, VeroCell және Спутник Лайт – вакциналары бар. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады.