Алматылық әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарады.  

Алматылық әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды Фото: kris_p_almata

Қазіргі уақытта баласы мен анасының жағдайы жақсы деп бағалануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сирек кездесетін жайт Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы "Шұғыла" шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің ауласында тіркелген. 

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы сағат 06:21-де түскен. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына небәрі 10 минут ішінде жеткен.

Медициналық қызметкерлер келген кезде әйел босанудың белсенді кезеңінде болған. Соның салдарынан нәресте жедел жәрдем зембілінде дүниеге келген.

Дүниеге салмағы 3 370 грамм қыз бала келген. Дәрігерлердің айтуынша, босану сәтті өткен.

Қазір анасы мен жаңа туған сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында, екеуінің де жағдайы жақсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу