Алматылық акробат жолдан сальто жасап өткені үшін жауапкершілікке тартылды

822

Бұл жолы ол өз көлігінен емес, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған басқа көліктен жүгіріп шықты. 

Алматылық акробат жолдан сальто жасап өткені үшін жауапкершілікке тартылды

Алматы көшелерінде акробатикалық қабілетін көрсетіп, сальто жасаған жүргізуші тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация<\/a>

"Басқа көліктің жолаушысы ретінде ол тағы да құқық бұзушылық жасады. Бұл үшін жігіт Әкімшілік кодекстің 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни "Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының жол қозғалысы талаптарын орындамауы" ережелері бойынша", – деді Рустам Әбдірахманов.

Еске сала кетсек, аталған бейнежазбадағы алматылық бұған дейін де жүріп бара жатқан көлігінен түсіп, сальто жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу