Алматылық дәрігер-инфекционист коронавирустан кейінгі оңалту әдістерін атады

1020

Коронавирустан ауырып тұрған барлық науқастар оңалтудан өтуі қажет. 

Алматылық дәрігер-инфекционист коронавирустан кейінгі оңалту әдістерін атады

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-инфекционисі Ольга Антипова Өңірлік коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша коронавирустың салдары әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан емделіп шыққандар терапевт дәрігердің көмегіне жүгінулері тиіс.
 
"Оңалту індет жеңіл формада өткен науқастарға да белгіленеді, бірақ ол үйде жүргізіледі. Бұл – қарапайым тыныс алу жаттығулары, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану. Аурудың орташа және ауыр дәрежесінен кейін науқастар оңалту бөліміне жіберіледі. Мысалы, біздің ауруханада физиотерапия мен гимнастика жүргізілетін оңалту бөлімі бар", - деді спикер.
 
Дәрігер-инфекционист кеуде қуысының төменгі бөлігінде электрофорездің қабынуға қарсы әсері барын, коронавирус жұқтырғандарды оңалту үшін қолданылатынын, сонымен қатар виброакустикалық аппараттық массаж жасалатынын айтты. Процедура 5-7 күн ішінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ коронавирустан кейін санаторлық-курорттық ем көрсетіледі. Мысалы, №5 қалалық клиникалық аурухананың емделушілері "Каменское плато" шипажайына оңалтуға жіберіледі.

"Тіпті жеңіл немесе симптомсыз аурудың да залалы болуы мүмкін. Науқастардың 30%-ы тез шарашайды, олардың ұйқысы бұзылады, шамадан тыс терлейді. Ағзада вирус жұқтырмайтын орган жоқ, ең алдымен қан тамырлары зақымданады", - деді дәрігер.

Постковидтік синдром бір аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан емделіп шыққан балаларға да оңалтудан өту қажет.

"2020 жылдың қарашасынан бастап біздің ауруханада 380 бала емделді. Біз ауыр науқастарды кездестірмедік, педиатр тексергеннен кейін оңалту үйде өтті. Ата-аналар мен балаларға тыныс алу жаттығуларын қалай жасау керектігі түсіндірілді. Дәрігер-реабилитолог жаттығуларды қалай жасау керектігін көрсететін бейнеролик түсірді", - деді Ольга Антипова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу