Алматылық дәрігерлер науқастың жүрегіндегі ісікті алып тастады

369

Алматылық кардиологтар сирек кездесетін жүрек ауруына операция жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматылық дәрігерлер науқастың жүрегіндегі ісікті алып тастады Фото: gov.kz

Алматы қалалық кардиологиялық орталыққа науқас орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түсті.

Эхокардиография нәтижесінде сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын ісік анықталды.

"Сирек кездесетін жүректегі мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, сондықтан шұғыл операция жасау қажет болды. Операция сәтті өтті. Ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілді. Келесі күні пациент ешқандай симптомдарсыз жүре бастады, кейін үйіне шығарылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен.

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, мұндай жағдайлар дер кезіндегі диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу