Дәрігерлер бет-сүйек қаңқасы жарақаттанған пациентке жедел медициналық көмек көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы белгісіз тұлғалардың заңсыз әрекетінен зардап шеккен азамат стационарға шұғыл түрде жеткізілгенін хабарлайды. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланған.
Дәрігерлер оған бет-сүйек қаңқасының Ле Фор I және II типі бойынша көптеген сынықтары, "бет-ұрт кешенінің екі жақты зақымдануы, мұрын сүйектері мен пердесінің, сондай-ақ көз ұясы қабырғалары мен жоғарғы жақ сүйек қуыстарының сынуы" деген диагноз қойған. Компьютерлік томография сүйек сынықтары мен көптеген жарақатты растаған.
– Бет-сүйек қаңқасына ашық репозиция және остеосинтез жүргізілді. Хирургтер жоғарғы жақ сүйегі мен бет-ұрт кешені элементтерінің анатомиялық орнын қалпына келтірді. Хирургиялық араласу сүйек құрылымдарын бекітуге, өмірлік маңызды функцияларды қалпына келтіруге және ықтимал асқынулардың қаупін азайтуға мүмкіндік берді, – деп хабарлады аурухана мамандары.
Осы кезде пацентті мамандар тұрақты бақылауында ұстап отыр. Жағдайы қалыпты деп бағаланған, терапия жоспарлы режимде жалғасуда.