Алматылық кәсіпорын жылу үшін заңсыз үстеме алған

139

Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің қызметінде монополиялық жағдайды анықтады.  

Алматылық кәсіпорын жылу үшін заңсыз үстеме алған Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Аталған заң бұзушылықтар жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын шектеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттік жүргізген талдау нәтижесінде табиғи монополия субъектісі – "Алматы жылу жүйесі" жылу энергиясына қайта қосылу қызметі үшін 10% көлемінде пайда белгілеген. Алайда, "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына" сәйкес, тұтынушыларды қайта қосу кезінде табиғи монополия субъектісінің пайда табуы қарастырылмаған.

Осыған байланысты, агенттік тарапынан АлЖЖ-ға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері туралы ресми хабарлама жолданды.

Нәтижесінде Алматы қаласының тұрғындары үшін жылу энергиясына қайта қосылу қызметінің құны 10%-ға төмендетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу