Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

161

Күннің бұзылуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тауға шықпауға шақырып отыр.  

Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді Фото: inbusiness.kz

Сондай-ақ, көліктерді ағаштардың түбіне қоймауға және түрлі құрылымның астында тұрмауға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"19 мамырда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік- батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз, – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті.

Арық желілері мен жауын суын қабылдайтын жерлерді тазалау және бақылау жұмыстары ерекше бақылауға алынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу