Алматылық ойын алаңына "бомба қойдым" деп полицияны алдаған

Енді оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін.  

Алматылық ойын алаңына "бомба қойдым" деп полицияны алдаған

Бомба қойылғаны туралы хабарлама "102" пультіне сағат 19:00 шамасында келіп түскен. Белгісіз азамат Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің маңындағы балалар алаңына жарылғыш зат қойылғанын жеткізген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Нысанды жедел тексеру қоңыраудың жалған екенін анықтады. Сонымен қатар қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелерімен терроризм актісі туралы әдейі жалған хабарлама айтып, қоңырау шалған адамды табу және анықтау қиын емес. Кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды, – деді Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшысы Құмарбек Кеншінбаев. 

А.есімді азамат мас күйде болған. Бұл ретте ол неліктен жалған қоңырау шалғанын да айта алмаған. 

"Ер адам жауапқа тартылатын болады. Әдетте, лаңкестік актісі туралы жалған хабарламаның салдарынан халық арасында дүрбелең туындап, адамдардың едәуір бөлігі жарылғыш заттарды іздеуге және анықтауға алаңдайды, барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылады", – деді Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшысы. 

Сондай-ақ спикер лаңкестік актісі туралы қасақана жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын атап өтті.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться