Алматылық оқушы АҚШ-та өткен математика байқауынан жүлделі оралды

752

Алматылық оқушы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі екінші орынмен оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматылық оқушы АҚШ-та өткен математика байқауынан жүлделі оралды Фото: NIS

Ол "Математика" секциясы бойынша "L-тромино-плиткалары" жобасын ұсынды, сондай-ақ 1000 доллар көлемінде сыйақы еншіледі.

"Бір жыл бұрын олимпиадада L-тромино фигурасының көмегімен плиткаларды жанастыру бойынша тапсырма орындадым. Осы тақырыпқа қызығушылық туындап, оны жоба ретінде жасауды қолға алдым. Әлі дәлелденбеген теоремалар бар, соны шешу арқылы келесі жылы да ISEF-ке қатысу жоспарда тұр", – дейді жас математик.

Сонымен қатар байқауға Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Асылхан Қали де қатысып, "Aq Zhol" жобасын таныстырды. Бұл –жүргізушінің халі мен мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беретін бейнетіркегіш және жол-көлік оқиғаларынының санын азайтуға бағытталған.

"Қазақстанның туын әлемдік аренда көтеріп, еліміздің атынан өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Болашақта одан да жақсы нәтижеге жетуде бар күш-жігерімізді саламыз", – деп Асылхан өз әсерімен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу