Алматылық оқушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады

784

ҚР ТЖМ "Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту Ұлттық орталығы" Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып Бостандық аудандық жалпы білім беру объектілерінің оқушыларымен "Жер сілкіну қатері және туындауы кезінде халықты қорғау" тақырыбындағы сейсмотренинг өткізді.  

Алматылық оқушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады Фото: gov.kz

Тренинг мақсаты оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға, сондай-ақ ТЖ кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара барысында арнайы жабдықталған кабинетте жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдардың дұрыс реттілігі ұсынылды және жер сілкінісі симуляторының мобильді платформасында имитация жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу