Алматылық полицейлер синтетиканың бірнеше дозасын тәркіледі

416

Полицейлер екі адамды ұстау кезінде 27 бума психотроптық затты тәркіледі.  

Алматылық полицейлер синтетиканың бірнеше дозасын тәркіледі Фото: polisia.kz

Әуезов ауданы, Достық ықшамауданында жеке тінту барысында Алматы қаласының 21 жастағы тұрғынынан есірткі заты бар 17 байлам табылды және тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат психотроптық есірткі екені анықталды. Полиция қызметкерлері 23 жастағы тағы бір қала тұрғынын 10 бума синтетикалық затпен ұстады.

"Тексеру барысында полиэтилен қаптамаға оралған синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Осы эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық істер тіркелді. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу