Алматылық тұрғын есірткі заттарын заңсыз сақтаған

178

Күдікті қамауға алынды.

Алматылық тұрғын есірткі заттарын заңсыз сақтаған Фото: видеодан алынған кадр

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында жедел іс-шара жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

67 жастағы әйелдің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген жедел тінту барысында, жатын бөлмелердің бірінде дәрі-дәрмектердің арасынан сары скотчпен оралған түйін табылды.

Пакеттің ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат анықталды, оның жалпы салмағы шамамен бір келіні құрады.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Полиция есірткі заттарын сақтау, тарату және сату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу