Алматылық жасөспірімдер түнгі клубта ішімдік ішіп, жанжал шығарды

Әлеуметтік желіде олардың мас күйінде Хэллоуин мерекесін атап өткен бейнежазбасы тараған. 

Алматылық жасөспірімдер түнгі клубта ішімдік ішіп, жанжал шығарды Фото: Бейнежазбадан

Бұл дерек бойынша хабарлама түскен соң, оқиға орнына учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бейнежазбадан жасөспірімдер мен олардың ата-аналары және полиция қызметкерлері арасында жанжал шыққанын байқау қиын емес. 

– 6 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша олардың екеуінің алкогольдік ішімдік ішкені және мас болғаны белгілі болды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ал жасөспірімдердің өзі профилактикалық есепке алынды, – деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Сонымен қатар, полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көңіл көтеру орнына оп-оңай кіруіне жол берген мекеме иесіне әкімшілік шара қолданатынын мәлім етті. 

– Бұл ойын-сауық орнының қызметін тоқтату және жабу туралы ұсыным сотқа жолданды, – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу