Алматылықтар 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

159

Қайырымдылық акциясына қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен  жастар қатысты.

Алматылықтар 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бүгін Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Соның нәтижесінде 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиеналық өнімдер, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б.

Көмек жинау пунктінің жұмысына 30-дан астам еріктілер ұйымы мен 100-ден астам ерікті атсалысты. Жастар саясаты басқармасы алматылықтарға игі істе көрсеткен белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Еріктілер мен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында зардап шеккен аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсетілді.

Көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді, жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу